Brand logo
  • Консультация
  • Аудит
  • Топливно
  • Энергетического
  • Комплекса

Инновациялық серпіннің игілігі

12 сәуір – халықаралық ғарышкерлер күні және ҚР ғылым саласы қызметкерлері күніне байланысты Орал қаласында «Инженерлік ғылым, жастар және ғарыш – Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық байланыстардың инновациялық дамуының негізгі факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Конференцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, облыс әкімдігі, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені бірлесіп ұйымдастырды. ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов шараны ашып, қазақстандық және ресейлік ғалымдарды таныстырды.


 – Ғылыми конференциялардан алған бай тәжірибені пайдаланып, жастарға жаңа технологияларды үйретуге болады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласында сананы жаңғырту жөнінде айтты. Тұңғыш Президент еліміздің түрлі салаларында жаңа технологияларды енгізуді тапсырғаны мәлім. Ғарыш саласындағы жетістіктерді ұрпаққа үйрету аса маңызды, – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенті Арай Айтқалиеваға «Үздік студент» төсбелгісін табыстады. 

   Конференцияның ашылуында «КАТЭК» жобалық және инжини рингтік компаниясы» ЖШС-ның бас директоры Құндыз Нупов, Ресейдің өңіріміздегі бас консулы Андрей Батманов, Ресей ғарыш федерациясы президентінің кеңесшісі, «Дельта Космос» МК-ның бас директоры Прохор Гудим, РФ Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жанындағы сараптама кеңесінің мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Людмила Орлова, Мәскеу педагогикалық университеті Самара филиалының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Игорь Носков, Ресей ғылым академиясы комиссиясының жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу бойынша кураторы Юрий Бурматнов сөйледі. 

  Пленарлық мәжілісте «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов, Мәскеудегі «Дубна» мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Валерий Никулин, РҒА География институтының профессоры, география ғылымдарының докторы Борус Кочуров, Ресей білім академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Фарах Сухейль, Қазақстан ақпарат және бизнес академиясының президенті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Алпамыс Ибраев баяндама жасады. Конференцияда екі жақты ғылыми байланысты арттыратын келіссөздерге қол қойылды. 

   ҚР Ұлттық инженерлік академиясы БҚО филиалының төрағасы Ақсерік Әйтімов өңірдің дамуы, инновациялық жобалардың жүзеге асуы, екі елдің жоғары оқу орындарының тығыз қарым қатынасы жөнінде айтты. Оның мәліметінше, былтыр облысымызда 2 471,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылған. Республика бойынша облыс мұндай көрсеткіш жөнінен 4-орынға тұрақ тады. Орал қаласында «Зенит» зауыты әскери мақсатта қолданылатын 25 кеме шығарды. Қаладағы трансформаторлық зауыт инвестициялық жобалардың екінші кезеңін іске қосып, швейцариялық фирма лицензиясымен шкаф бұйымдарын жасауды қолға алды. Былтырғы маусым айында «Конденсат» АҚ дизельді отынды гидротазартудан өткізетін секция құрылысын аяқтады. «Топан» ЖШС ирандық компаниямен бірлесіп, Желаев кенті аумағында қуаттылығы жылына 4 мың тонна болатын химиялық өндіріс базасын салды. Академик Жастар жылына байланысты жас толқынның тұлғалық дамуына, кәсіби маман болып қалыптасуына байланысты шаралар алынып жатқанын баяндады. Мысалы, биылғы сәуір айында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені жүлде қоры 1 млн. теңге болатын инновациялық жобалар байқауын өткізді. Оған университетпен колледждер студенттері және мектеп оқушылары арасынан шыққан өнерпаздар қатысып, жобаларын дамытуға байланысты сарапшылардан кеңес алды. 

   ҚазИИТУ оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдар ламасы негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми техникалық жетістіктерді коммер циализациялау мақсатында өткізген «Университеттегі виртуаль ды білім беру ортасы: оқытушы профессор құрамының ақылды жұмыс орны» атты ғылыми жоба байқауында университет ұжымы жеңімпаз атанды. 2018 жылы 5-8 сәуір аралығында өткен XXI Мәскеу халықаралық өнертапқыштар мен инновациялық технологиялар салоны «Архимед – 2018» көрмесінде халықаралық сарап шылардың шешімімен 700-ден астам жоба ішінен университет ғалымдарының еңбектері бас жүлдеге ие болды. 

   Конференцияда сөйлеген Ресей ғарыш федерациясы президентінің кеңесшісі, «Дельта Космос» МК-ның бас директоры Прохор Гудим ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында технологиялар трансферті, ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастық, инженерлік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті. 

   – Жарқын болашақ – бұл инновациялар арқылы жоспарланған идеология, техникалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік өсу жолы. Халықаралық экономика талап ететін процестердің немесе өнімдердің сапалы болуын қамтамасыз ету үшін инновациялық институттарды құру маңызды. Ресейдеде, Қазақстанда да осы вектордың дамуына жәрдемдесуге көптеген әрекет жасалуда. Өкінішке орай, олардың барлығы да табысты емес. Көптеген жоба әртүрлі батыстық механизмдерді және алгоритм дерді көшіруге тырысады. Ресей мен Қазақстанның жаһандық нәтижелері экономиканың инновациялық-технологиялық деңгейге көшуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ технологиялық өндірістер санының артуына қабілетті жастар арасында жаңа ғылыми орта қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Прохор Гудим. 

  Конференцияда Ресей білім ака демиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, биыл еңбегі Нобель сыйлығына ұсынылған Фарах Сухейль «Жаһандық әлемдегі әлемдік өркениеттердің диалогы мен серіктестігі» жайында баяндады. Оның айтуынша, өркениеттер тоғысын, олардың тарихын, қазіргі жағдайы мен болашағын кешенді қарастыратын, сондай-ақ мәдени-интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді қамтитын жаңа сала – несосфера танымы дүниеге келді. Жаңа ғылымның зерттеу нысанасы адамзат өркениетінің тұтастығын сақтап қалу үшін біздің ғаламымыздың болашағы туралы кешенді ой тұжырымда рын қалыптастыратын философиялық, тарихи, әлеуметтік-мәдени және геосаяси бағыттарды қарастырады. Өздеріңіз білетін дей, өркениеттің әр ұрпағы бел гілі бір өмірлік циклден өтеді. Қазіргі кезеңде өркениеттер жа һандық тәуекелдермен бетпе-бет келді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы экологиялық дағдарыс – су ресурстарының, ауаның ластануы және қоршаған ортаның жойылу қаупі. Ғалымның айтуынша, ғылыми себептер мен моральдық құндылықтар болмаса, онда жойылу энергиясы басталады. Сондықтан адамзат үшін ортақ мақсат әр түрлі өркениеттердің, діндердің, ғылыми білімнің серік тестігі және олардың арасындағы қайшылықтарды еңсеру болуы керек. Ғылыми мәжіліс болған күні секциялар отырысы өтті. Келесі күні конференцияның қаулы-қарары қабылданды. Ресейдің жетекші ғалымдары әріптестеріне шеберлік сағатын көрсетті.